08.01.2009, 18:51 2677

Сенат комитетінде "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңға енгізілетін түзетулер қаралды

Сенат комитетінде "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңға енгізілетін түзетулер қаралды

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде бүгін "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат Мемлекет басшысының әскери қызметшілерді әлеуметтік және материалдық тұрғыдан қорғау мәселелеріне қатысты тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Аталмыш заң жобасымен "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңның 10 бабына толықтырулар енгізіліп отыр.

Толықтыруға сәйкес солдат, матрос, сержант және старшина лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен әскери қызметшілерге жасалатын келісімшарт мерзіміне байланысты біржолғы ақшалай сыйақы төлеу қарастырылған.

Сонымен қатар, заң жобасымен күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет атқарған әскери қызметшілерге ақылы негізде еліміздің жоғары оқу орындарында оқыған шығындарын республикалық бюджет есебінен оқу құнының елу пайыз мөлшерінде өндіріп алу құқығы қарастырылған.

Мәжіліс мақұлдаған құжатты сенатта талқылау барысында, заң жобасына өзгертулер енгізілді.

Атап айтқанда, заң жобасының 1 бабының 2 тармақшасының бесінші абзацын Еңбек кодексінің 112 бабына, "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңының 9 бабына және "Білім туралы" заңмен сәйкестендіру ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, заңдық техникалар ережесіне байланысты редакциялық және анықтамалық пайымдағы түзетулер енгізілді.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны