16.05.2008, 12:08 1338

Сенат "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мәжіліске қайтарды

Сенат "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мәжіліске қайтарды

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасы "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңды жаңартылған Конституцияға сәйкестендіруге бағытталған", -деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "заң жобасын қарау барысында комитеттер мен депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, Конституциялық кеңестің шешімін мемлекет басшысының бастамасымен қайта қарау мүмкіндігі мен кеңес қандай жағдайда қосымша шешім шығара алатындығын нақтылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны