07.06.2007, 17:12 2738

Сенат көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған.

2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлу қарастырылған. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.

Заң президенттің қол қоюына жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны