11.01.2012, 10:19 3887

Сенат ҚР арнайы қызметі туралы заң жобасын қабылдады

Аталған заң мемлекеттік қызметтің ерекше түрі - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтерді заңнамалық реттеуге бағытталады. Бұл ретте құжат арқылы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесі мен негізгі міндеттері айқындалады, мұндай органдарға қызметке тұрумен, оны өткерумен және тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған заң мемлекеттік қызметтің ерекше түрі - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтерді заңнамалық реттеуге бағытталады. Бұл ретте құжат арқылы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесі мен негізгі міндеттері айқындалады, мұндай органдарға қызметке тұрумен, оны өткерумен және тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сондай-ақ, заң арқылы арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қорғалуы айқындалады.

Құжатты талқылау барысында Сенат депутаттары оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде жеке қарап қарап-тексеру мен оның өзіндегі пайдаланатын қызметтік автокөлігіндегі заттарды тексеру үшін әкімшілік ұстаудан иммунитетін бекітетін нормалар алып тасталды. Бұдан басқа мұндай органдар қызметкерлерінің Қарулы Күштерге, басқада әскери құрылымдарға ауысқан кезінде міндетті түрде қайта аттестаттауды талап ететін тәртіпті бекіту ұсынылды.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны