01.11.2012, 11:09 3008

Сенат ҚР бюджет кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Құжатта көрсетілгендей аталған шығыстардың жалпы көлемі, алдағы жылға арналған бюжет шығысынан 4 пайызаспауғатиіс. Бұл шығыстар келесі жылға арналған бюджет жобасында 200 млрд. теңге шамасында қарастырылып отыр.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатында "Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көлемі айқындалған.

Құжатта көрсетілгендей аталған шығыстардың жалпы көлемі, алдағы жылға арналған бюжет шығысынан 4 пайызаспауғатиіс. Бұл шығыстар келесі жылға арналған бюджет жобасында 200 млрд. теңге шамасында қарастырылып отыр.

Ал, оның бөлінуі экономиканың дамуы мен бюджет кіріс бөлігінің орындалуына тікелей тәуелді болады, - дейді Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев. Оның айтуынша бұл әлемдік тәжрибеде бар жағдай. Мәселен көптеген шетелдерде шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көлемі 5 пайызға дейін көрсетілген. Сондай-ақ, бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бюджет тетіктерін жетілдіру мақсатында әзірленді,- дейдісенат депутаттары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны