19.02.2015, 18:01 3924

Сенат ҚР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заӊнамасына енгізілетін өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ 2012 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстанныӊ әлеуметтік жаӊғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламалық мақаласында және 2012 жылғы желтоқсандағы "Қазақстан-2050 стратегиясы". Қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Заӊ жобасыныӊ басты мақсаты: медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заӊнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.

Заӊ жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе кеӊінен қолданылды. Клиникалық зерттеулерді құқықтық реттеу мақсатында денсаулық сақтау жүйесін нығайту жөніндегі Таллин хартиясыныӊ ережелері, инфекциялық емес аурулар және салауатты өмір салты туралы Мәскеу декларациясы, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ темекіге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы, дәрілік препараттарға қатысты Еуропа Парламенті мен Еуропалық Одақтыӊ директивалары пайдаланылды.

Ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар фармацевтикалық сектор, ағзалар мен тіндерді транпланттау, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды құқықтық реттеу, телемедициналық қызметтер көрсету, ұлттық медицина дәрежесін және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелерін реттейді. Бұл шаралар медициналдық көмектіӊ қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жалпы, әр елде денсаулық сақтау саласын нормативтік реттеу шараларыныӊ өзіндік ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлығына ортақ нәрсе - медициналық қызметтіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру, әкімшілік шараларды оӊайлату, бюрократизмді азайту, медициналық көмек сапасыныӊ жаӊа өлшемдерін әзірлеу және науқастармен арада кері байланыс орнату қағидалары болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны