18.06.2009, 12:54 2631

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі ҚР Ұлттық банкінің қызметі туралы ел заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі ҚР Ұлттық банкінің қызметі туралы ел заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы Ұлттық банкінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметін, оның міндеті мен өкілеттігін реттеуді мақсат етеді.

Ұсынылып отырған заң жобасы ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді.

Жоба 18 заңнамалық актіге, оның ішінде Азаматтық кодекске (Ерекше бөлімі), Азаматтық іс жүргізу кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы" заңдарына түзетулер енгізеді.

Сөйтіп, енгізілген өзгерістермен Азаматтық кодекске есепшотты пайдалануға клиент құқығын шектеуді қарастыратын мемлекеттік органдардың түрлі актілерін орындау тәртібі реттеледі.

Консервация тәртібінде тұрған, күрделі жағдайдағы банкінің депозитшілері мен несиешілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ ондай банкінің активтері мен міндеттемелерін сақтау мақсатында "Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы" заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Оған қоса енгізілген ережелер тұрақтандырушы банкі түрінде қаржы нарығындағы жаңа жаңа институттың құруды қарастырады, ол арқылы сақталып тұрған банкінің депозитшілері мен несиешілерінің құқықтарын қорғау тетіктері жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны