21.05.2009, 17:48 2945

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы мемлекет басшысының 2005-2007 жылдарғы Қазақстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын (шараларын) және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007-2009 жылғы бағдарламасын орындауға сәйкес әзірленген болатын.

Заң жобасы балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық шаралар кешенін қарастырады.

Заң жобасындағы ережелерімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына шектеу қойылып, оған жол бергендерге жауапкершілік белгіленеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартқан адамдармен жекедара профилактикалық жұмыс жүргізу қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны