24.12.2009, 12:24 2750

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл жобаның негізгі мақсаты "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытудың тұжырымдамалық көзқарастарына сәйкес келтіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтардың орнын толтыру болып табылады.

Заң жобасымен "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға өзгеріс енгізіледі, онда әлеуетті өнім берушілер тобын ұлғайту, тауар бағасына оңды ықпал ету, материалдық құндылықтарды уақтылы шығару мақсатында мәліметтерден құпияландыруға, орналастыруға жататын материалдық құндылықтарды сақтау пункттерін алып тастау ұсынылады.

Уәкілетті органның мемлекеттік резерв номенклатурасын толтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруға қатысты шешімді қабылдау жөніндегі жаңалық енгізілді.

Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі де айқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны