28.01.2010, 16:17 2725

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда талқылап, оған өзгерістер мен түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл заң жобасы "Мемлекеттік статистика туралы" заң ережелерін жүзеге асыруға және үкіметаралық келісімдер аясында үкіметтік емес қоғамдық қорларды мемлекеттік қолдауға бағытталған. Заң жобасының аясында Икімшілік құқық бұзушылық туралы және Салық кодекстеріне өзгерістер енгізу қарастырылған.

Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, парламент мәжілісіне жіберу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны