21.04.2010, 12:38 2811

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы халықтың, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің қорғалу деңгейін арттыруды, олардың қауіпсіздігі жай-күйін бағалауды тәуелсіз сарапшы ұйымдар саласына енгізуді көздейді. Сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылау органдары жүзеге асыратын тексерістер санын қысқарту есебінен қорғау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және бақылау қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Жоба аясында еліміздің Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, сарапшы ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша және оларды уәкілетті органға уақытылы табыс ету жауапкершілігі белгіленетін болды. Жобада өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың қызметін жүзеге асырудың тәртібі де қарастырылады.

Заң жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріле отырып мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Оның ішінде адамдар жаппай жиналатын объект ұғымы нақтыланды, жергілікті атқарушы органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі айтарлықтай толықтырылды. Өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу функциясын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беру көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны