16.09.2009, 11:11 1813

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенаттың жалпы отырысында депутаттар бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге бағытталған заңнаманы жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар құжат мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтеді.

Көлеңкелі капиталдың негізгі үлесі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеу арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы ұйымдардың, декларацияны тапсыру міндетті болған жағдайда, тек жылдық жиынтық табыс туралы декларацияны тапсырмауы арқылы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылығын көздейді.

Заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық ұйымның мүддесі үшін жасалған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін жауаптылық енгізу көзделді.

Тұтастай алғанда, заң жобасы салық есептілігін өткізбегендігі үшін және бұл әрекетті белгілі бір адамдар тобының ауызжаласуы арқылы жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік белгілеуді ұсынады. Құжаттың бірқатар баптарында жемқорлыққа жол бергендердің мүлкін тәркілеп, оларға салынатын тиісті айыппұл көлемін ұлғайту жөніндегі талаптар бар.

Заң жобасы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға жол ашатын нормативтік актілердің қайшылықтарын жою мақсатында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны