14.04.2011, 14:22 3797

Сенат ҚР мен АҚШ арасындағы әуе транзиті туралы келісім шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат ҚР мен АҚШ арасындағы әуе транзиті туралы келісім шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Сенат ҚР мен АҚШ арасындағы әуе транзиті туралы келісім шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста Ауғанстан Ислам Республикасында қауіпсіздік, тұрақтылық пен қалпына келтіруді қамтамасыз етуіне АҚШ-тың қатысуына орай ҚР аумағы арқылы жүк пен қызметкерлердің әуе транзиті туралы Қазақстан мен АҚШ арасындағы үкіметаралық келісімді мақұлдаған.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім етті.

"Келісім Ауғанстан Республикасын тұрақтылау мен қалпына келтіру бойынша халықаралық көмекті қолдау мақсатында АҚШ үкіметінің ҚР аумағы арқылы жүк пен қызметкер транзитінің жүзеге асыру тәртібін анықтайды", - делінген хабарламада.

Келісімге 2010 жылдың қараша айында Вашингтонда қол қойылған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны