14.07.2015, 14:47 3071

Сенат ҚР мен Литва арасында адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісім ратификациялады

Палата отырысы барысында сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады.

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Палата отырысы барысында сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады. Қазақстан мен Литва арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады, деп хабарлады Сенат, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Одан басқа, Сенат Қазақстан мен Ресей арасындағы реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Екінші оқылымда талқылаудан кейін сенаторлар "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заӊдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊды қабылдады.

Сенаторлар алдында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады. Заӊ жобасы бойынша пікірсайысқа депутаттар Лаззат Тұрлашов, Марат Тағымов, Людмила Полторабатько, Манап Көбенов және Төлеубек Мұқашев қатысты.

Сенатор Сергей Громов шекара қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша Премьер-министрдіӊ атына депутаттық сауал жолдады. Бірғаным Ийтімова еліміздіӊ дипломатия қызметініӊ ардагерлеріне зейнетақы төлемдерін арттыру туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріне сауал жолады. Қуаныш Айтахановтыӊ Премьер-министрдіӊ атына жолдаған сауалы Оӊтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы тарихи ескерткішті күрделі жөндеуден өткізуге қатысты болды. Сенатор Сәрсенбай Еӊсегенов облыстық маӊызы бар жолдар мен Атырау облысындағы көпір құрылысын қаржыландыру, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытудыӊ өзекті мәселелері туралы Үкімет басшысына сауал жолдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны