18.02.2016, 12:16 3738

Сенат ҚР мен РФ арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа енгізілген өзгерісті мақұлдады

"Хаттамада ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы 1996 жылдыӊ 18 қазанынан бастап Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайлары айтылды",- деп Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетініӊ қорытындысында айтылып өтті.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатыныӊ депутаттары жалпы отырыста "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметініӊ арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заӊын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Хаттамада ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы 1996 жылдыӊ 18 қазанынан бастап Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайлары айтылды",- деп Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетініӊ қорытындысында айтылып өтті.

Осылайша, Ресей Федерациясы тарапынан полигонныӊ жалдауға алынып отырған жерлерініӊ қысқаруына орай, жалдау сомасы өзгерілетін болады.

"Хаттаманы ратификациялау жұмысы заӊнама күнін анықтау туралы мәселені шешуге және полигон пайдаланып отырған аумақтыӊ қысқартылуына орай жалдауға төленетін қаражатты анықтауға септігін тигізеді",-деді ол.

Хаттамаға 2015 жылы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны