26.02.2015, 14:08 3702

Сенат Құпия ақпаратты сақтау тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Парламенттіӊ Сенаты Қазақстан Республикасыныӊ "Еуразиялық экономикалық комиссиясыныӊ бәсекелестіктіӊ бірыӊғай қағидаларыныӊ сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасын қабылдады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Парламенттіӊ Сенаты Қазақстан Республикасыныӊ "Еуразиялық экономикалық комиссиясыныӊ бәсекелестіктіӊ бірыӊғай қағидаларыныӊ сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Келісім құпия ақпаратты алмасу тәртібі мен оны жариялағаны үшін жауапқа тартуды қарастырады", - делінген экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қорытындыға сәйкес, Келісім 2010 жылдыӊ 9 желтоқсанында бәсекелестіктіӊ бірыӊғай прициптері мен тәртібі туралы келісім аясында мемлекеттік құпияларды есепке алмағанда Комиссия, тараптардыӊ мемлекеттік билігі, тараптардыӊ жеке және заӊды тұлғалары қатысатын құпия ақпаратты сақтау бойынша қарым-қатынасқа әсер етеді.

"Құпия ақпарат туралы келісімніӊ нормалары бәсекелестік қағидаларыныӊ бұзылғаны туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтарына тергеу жүргізу, бәсекелестік қағидаларыныӊ бұзылғаны туралы істерді қарау, сондай-ақ бәсекелестік қағидаларыныӊ сақталуын бақылауды іске асырумен байланысты өзге рәсімдік іс-қимылдарды орындау шеӊберінде құпия ақпаратқа рұқсаты бар Комиссия қызметкерлеріне қолданылады", - деп атап өтті комитет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны