26.12.2006, 13:15 2867

Сенат "Лицензия беру жөніндегі" жаңа заңның жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Лицензия беру жөніндегі" жаңа заңның жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасын талқылау барысында мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, лицензия берілетін қызмет түрлерінен мемлекеттік емес субьектілер тарапынан детективтік қызметке байланысты заңгерлік қызметтер көрсету алынды. Өйткені оны қолданысқа енгізу үшін тиісті заңнамалық акт қабылданған жоқ",- деді сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің шешімдерін таныстырған сенат депутаты Жақай Нұрғалиев.

Сонымен бірге сенат депутаттары лицензия берілетін қызмет түрлерінен үшінші жақтан сатып алынған бидайды экспортқа шығару қызметі алып тасталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының көмегімен лицензия берілетін қызмет түрлерінің тізімі қысқартылады. Мәселен, заңның жаңа нұсқасында лицензия берілетін 100 қызмет түрлері мен олардың 249 ішкі түрлері көрсетілген. Ал қолданыстағы заңда барлығы 426 түр бар.

Заң жобасы сонымен бірге лицензия беру процедурасын ретке келтіруге бағытталған. Онда көзделгеніндей, лицензия күшіне енетін аумақ шектелмейді және лицензия алу үшін "бір терезе" принципі пайдаланылады.

Заң жобасында "лицензияны кері шақырып алу" деген термин "лицензиядан айыру"деген терминмен алмастырылды. "Ал лицензиядан айыру процедурасы соттың шешімімен ғана жүзеге асады.

Сонымен бірге депутаттар "Лицензия беру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Ол рұқсатнама беру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны