11.12.2009, 12:21 2925

Сенат "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы отандық кинематографияны, мұражай және кітапхана ісін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ мәдени мұраларды қалыптастыруға және сақтауға қатысты қолданыстағы құқықты одан әрі жетілдіруді көздейді.

Заң жобасын Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінде қарау барысында "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға сәйкес Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының түсіндірме бөлігіне, фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібіне, сондай-ақ мемлекеттік тілге кәсіби түрде аударылған фильмдер прокатына қатысты түзетулер енгізу қажеттігі айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны