29.06.2006, 11:57 2814

Сенат “Мәдениет туралы“ заңның жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “Мәдениет туралы“ заңның жобасына өз түзеулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Мәдениет саласындағы мемлекеттің басты міндеттері ретінде мемлекеттік мәдени ұйымдардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету мен материалдық-техникалық базасын нығайту көрсетіліп, мәдени көңіл көтеру ұйымдарын қолдау шаралары айқындалып нақтыланған. Бұл ретте дарынды шығармашылық тұлғалар мен ауылдардағы мәдени ұйымдарды қолдауға баса назар аударылған”,- делінген сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.

Құжатты депутаттарға таныстырған мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың бұған дейін берген түсініктемесіне сәйкес, Қазақстанда қазір жұмыс істейтін “мәдениет туралы осыдан 10 жыл бұрын қабылданған заң замана талаптарына жауап бере алмай қалды. Ал жаңа заң жобасының тұжырымдамасы мәдениет саласындағы өзекті проблемаларды шешуге арналған”.

Жаңа заңның жобасында мәдениетті дамыту және мәдени мұраны сақтау мақсатында субсидия бөлу жолымен мемлекеттік колдау алғаш рет заңдастырылды. Заң жобасында мәдениет ұйымдарын бюджет қаржысы мен қайырымдылық және демеушілік көмекпен қаржыландыру туралы тәртіп енгізілген. Сонымен бірге құжаттың көмегімен мәдениет саласында мемлекеттік шәкіртақы тағайындау мүмкіндіктері қарастырылған норма енгізілді.

Құжат ережелерінде кітапханалар мен мұражай-қорықтардың негізгі өз жұмыс бағытына жатпайтын қызмет түрлерін көрсету құқығы заңдастырылды. Осындай қызмет көрсету арқылы тапқан қаржы кітапханалар мен мұражай-қорықтардың өзінде қалып, оларды дамытуға жұмсалады.

Заң жобасында ауылдық жерлерде мәдениетті дамытуға басымдық беріледі. Сонымен бірге заңнамалық деңгейде алғаш рет мемлекеттік мәдениет ұйымдары нысандарын жекешелендіруге тыйым салынбақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны