13.05.2009, 18:16 2867

Сенат "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталған заң жобасын мәжіліс 25 наурызда мақұлдаған болатын. Сол кезде мақсаты жайында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Алмас Қосынов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, бұл заң жобасы "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы қаңтардың 19-ындағы заңында көзделген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау саласындағы меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын Қазақстанның қорғанысы мен қауіпсіздігінің мемлекеттік мұқтаждарын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы міндеттеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Бүгінгі таңда аталған заңның елеулі кемшіліктері байқалған. Заңды жетілдіру Қазақстанның 2010 жылға дейінгі жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруды көздейтін Қазақстан президентінің 2007 жылғы наурыздың 7-сіндегі жарлығымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алудың, жаңғыртудың, жөндеудің, кәдеге жаратудың және әскери мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындарды дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін қажет.

Толықтырулар енгізу Қазақстан президентінің жарлықтарында айқындалған мемлекетіміздің Искери доктринасында және еліміздің Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы", "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан заңдарында айқындалған Қазақстанның қорғанысы мен қауіпсіздігінің мемлекеттік мұқтаждарын әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып, ұсынылады.

Заң жобасы қабылданған жағдайда қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық кәсіпорындарын қызметтерді көрсетуге және қорғаныстық тапсырыс өнімінің әр алуан түрлерін өндіруге арналған тапсырыстармен толыққанды жүктеуге жол ашылады. Бұл қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары орналасқан өңірлердің жалпы әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне оң әсер етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны