19.11.2015, 12:34 3875

Сенат мемлекеттік сатып алулар туралы заӊ жобасын қабылдады

Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР Заӊын қабылдады. Құжат туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР Заӊын қабылдады. Құжат туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасы бойынша конкурстық құжаттамаларды алдын ала талқылау институты енгізіледі. Бұл норма өтінім берушілерге техникалық талаптармен алдын ала танысуға және олар бойынша ескертулер болған жағдайда оларды жою туралы өтініш беруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар көтеріледі. Ал шарттар жасасудыӊ, тауарларды беру туралы электрондық жүк құжаттарыныӊ, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсету актілерініӊ және электрондық шот-фактуралардыӊ тек қана электрондық форматы енгізіледі", - деді министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Құжат сатып алулар ережесін жеӊілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды қарастырады.

Негізгі заӊмен қоса "ҚР-ныӊ мемлекеттік сатып алулар туралы кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы" заӊ жобасы мақұлданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны