29.10.2015, 13:22 3992

Сенат "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заӊын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заӊы екі оқылымда қаралып, қабылданды

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заӊы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊ жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарыныӊ 80-қадамын іске асыру шеӊберінде әзірледі. Заӊ жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды.

Заӊ жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтіӊ 2 түрлі пакеті ұсынылады:

Біріншісі - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектіӊ мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанныӊ барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттіӊ құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маӊызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттіӊ есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі - жаӊадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маӊызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маӊызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Жоғарыда аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алатын болады.

Міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСИДМ медициналық қызметтерді төлеу Комитетініӊ базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамныӊ ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылатын болады. Қордыӊ құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесініӊ жалпы көлемі кірістіӊ 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады. Аталған аударымдар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Қызметкерлер жарнасыныӊ мөлшерлемесі кірістіӊ 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады. Бұл жарналар сомасы жеке табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасыныӊ мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардыӊ кірісініӊ 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Илеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардыӊ 15 санаты босатылады (халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы):

- балалар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Аналық даӊқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- әскери қызметкерлер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;

- құқық қорғау органдарыныӊ жұмыскерлері;

- еӊ төменгі деӊгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны