15.02.2007, 11:29 2882

Сенат міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сенатор Рашид Ахметовтың түсініктемесіне сәйкес, сенат "сақтандыру іс-қызметі туралы" заңға "сақтандыру ұйымдарының заңнамалық акттілердің талаптарын орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жүктетйін жауапкершілігін күшейтетін" өзгерістер енгізді. Сенаторлар сонымен бірге жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келген шығынның орнын толтыруға немесе жерлеу шығындарын өтеуге арналған сақтандыру төлемдерін алу процедурасын жеңілдетуді ұсынады.

Сенат депутаттары сонымен бірге "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға түзетулер енгізіп, соған сәйкес "бағалаушыларды аккредитациялау құқығы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік мекемеге жүктелді".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының басты мақсаты - тұрғындар мен кәсіпкерлерді сақтандыру жолымен қорғау деңгейін көтеру, міндетті сақтандыру тиімділігін арттыру, міндетті сақтандыру түрлерінің жүйесін реттеу, халықтың сақтандыруға деген сенімін нығайту және сақтандыру мәдениетін көтеруге саяды.

Енгізілмекші өзгертулермен міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшері бірқатар критерийлерді қолданысқа енгізу арқылы қайта қаралмақшы. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушыларды міндетті сақтанжыруға қатысты мәліметтер қорына міндетті түрде қамту жөніндегі норма енгізіледі. Осы орайда "мәліметтер қорын құрудағы басты мақсат - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында алақтық деректерінің алдын алу және ондай оқиғаларға жол бермеуге саяды.

Заң жобасында сонымен қатар екіден аспайтын автокөлік құралдарының қатысуымен болған және шығын көлемі мардымсыз жол апаттары болған жағдайда және ахуалды тараптар келісе отырып бағалаған жағдайда оқиға орнына ішкі істер органының өкілдерін келтірмей-ақ, жол апаты оқиғасын екі жақтың өз бетімен рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Заң жобасы бұған қоса Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына егер апатқа кінәлі жақ оқиға орнынан қашып кеткен немесе ол сақтандырылмаған жағдайда жол апатынан зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне келген шығынды өтеп беруге қатысты қосымша функция береді. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі туроператорлар мен турагенттіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға да енгізілмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны