01.02.2007, 13:10 2986

Сенат "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға еңгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі" заң жобасын қарап, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат жөніндегі комитетінің қорытындысында, сенаторлардың басым түзетулері заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіруге бағытталған, деп көрсетілген.

Бұрын хабарлағанымыздай, енгізілетін толықтырулар "үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарларын нақтылау, нормативті құқықтық актілері жобаларын рәсімдеу, орталық мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауды қамтамасыз етеді",-дейді әділет вице министрі Дулат Құсдәулетов.

Заң жобасымен нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткізу бөліміне қатысты ережелер нақтыланады, мемлекеттік тіркеуге жататын және күшіне енбеген нормативті құқықтық актілерді міндетті түрде жою институты енгізіледі.

Сондай-ақ, заң жобасымен Заң жобасында мемлекеттік органдарға өздері жасайтын актілерде нормативті құқықтық актілердің күшіне енетін уақытын және мерзімі аяқталған актілердің күші жойылды деп тану міндеті бекітіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны