17.04.2007, 11:10 2275

Сенат ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сенаттың аймақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, құжатты талқылау барысында "заң жобасы нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, атап айтсақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнамамен сәйкестендіру қажеттігі туындады". Сонымен бірге сенаторлар заң жобасының ұғымдар аппаратына анықтамалар беріп, ой орамдарын енгізіп, редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер мен толықтырулар қосты.

Заң жобасы негіздемелік сипатта. Ол ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты жалпылама минималды талаптарды белгілейді. Онда сандық сипаттамалары көрсетілмейді. Өйткені бұл сипаттамалар аталмыш өнімнің қауіпсіздігіне қатысты арнаулы талаптарды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны