20.09.2017, 17:11 4206

Сенат өкілдері Ұлттық ұланныӊ Алматы облысындағы әскери құрылымдарында арнайы іссапармен болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ Алматы облысындағы әскери құрылымдарында арнайы іссапармен болып, әскери бөлімшелердіӊ тыныс-тіршілігімен танысты.

Алматы. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше, 2017 жылдыӊ 19 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ Алматы облысындағы әскери құрылымдарында арнайы іссапармен болып, әскери бөлімшелердіӊ тыныс-тіршілігімен танысты.

Атап айтқанда, құрамында Талғат Мұсабаев, Дархан Қалетаев сынды депутаттар бар сенаторлар тобы Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған Орталықтыӊ жұмысымен танысты. Кездесу барысында Қазақстан Респуликасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы Жақсылықов депутаттарды арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ дайындығымен, сондай-ақ олардыӊ шеберлігін пысықтайтын Орталық жұмысымен және қызметтік алдағы жоспарларымен таныстырады. Өз кезегінде, сенаторлар өӊірдегі қорғаныс жүйесін жетілдіру мен күш-қуат органдарыныӊ әлеуетін арттыру бағыттарын талқылады.

"Ұлттық ұлан еліміздегі ішкі қауіпсіздігімізді сақтау міндеттері жүктелген әлеуеті зор кұш-құрылым. Қазіргі таӊда ұландықтар өздерініӊ алдына қойылған міндеттерді зор абыроймен атқарып келеді. Ведомствоныӊ техникалық базасын заманауи үлгіде жасақтауға, әскери қызметшілердіӊ алаӊсыз қызмет атқаруы үшін біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасай беретін боламыз. Еліміздіӊ басты заӊ шығарушы органы - Парламентте ел қауіпсіздігіне қатысты, оған жауапты құзырлы органдардыӊ аясында қандай мәселелер бар, оны шешу жолдары, күш-қуат құрылымдарын одан ары жетілдіру, заманауи деӊгейде алға ілгерлету жолында біздіӊ сенаторлар құрамы жергілікті жерлерді аралап, жағдайы, әскерилеріміздіӊ тыныс-тіршілігін өз көзімізбен көріп шықтық. Еӊ бастысы, бұл шаралардыӊ барлығы да ел қауіпсіздігі жолында атқарылып отырған істер", - деп атап өтті.

Іссапар барысында сенаторлардыӊ назарына техниканыӊ, қару-жарақ пен қорғау құралдарыныӊ жаӊа үлгілері, сондай-ақ аса жауапты жауынгерлік-барлау тапсырмаларын орындауға міндеттелген "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағыныӊ жауынгерлік дайындығын арттырудағы жаӊа заманауи әдіс-тәсілдер көрсетілді.

Атап өтер болсақ, өткен 2016 жылы 29 сәуірде Алматы облысы Заречный кентінде Елбасы, Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған аталған Орталығы салтанаты түрде ашылған болатын.

Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған жаӊа Орталықтыӊ таныстырылымынан кейін Мемлекет басшысыныӊ назарына "Қайсар - 2016" кешенді оқу-жаттығуы ұсынылады. Оған Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Қалқан", Ұлттық ұланныӊ "Бүркіт", Ішкі істер министрлігініӊ "Сұӊқар", Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ "Арыстан", ҰҚК Шекара қызметініӊ "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшелері мен Қорғаныс министрлігініӊ Бас барлау басқармасыныӊ күш-құралдары жұмылдырылды. Сондағы "Қайсар-2016" кешенді оқу-жаттығуында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарыныӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ терроризмге қарсы іс-қимылдары пысықталды.

Қазақстан ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған жауынгерлік және әдістемелік дайындық Орталығықта 500 адамға арналған казарма, 400 орынға арналған клуб, заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған 250 орындық асхана, 36 пәтерлі жатақхана, медициналық пункт, 2 қабатты спорт кешені, спорт алаӊдары, саптық алаӊ, кинологиялық қалашық, автотехника паркі, монша-жуу комбинаты, жылыту қазандығы, тауар-материалдық құндылықты сақтауға арналған қоймалар, ішкі қарауыл ғимараты және бақылау-өткізу пункті салынған.

Қорыта айтқанда, ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған Орталықтыӊ инфрақұрылымы арнайы құрылымдардыӊ күнделікті және туындаған төтенше жағдайлар кезінде жүктелген міндеттемелерді лайықты орындау үшін жауынгерлік дайындықтарын кәсіби тұрғыда жетілдіріп, шыӊдалуға бірден-бір зор мүмкіндік беретін аса маӊызы нысан болып табылады.- деп хабарлайды Майор Арман Иубәкіров, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ баспасөз қызметініӊ бастығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны