25.04.2014, 19:24 3159

Сенат Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысында Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысында Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды.

Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.ШартҚазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың базалық қағидаттарын қамтитын негіз құраушы құжаттардың бірі болып табылады, ол екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағдарланған. Шартқа сәйкес, тараптар өздерінің тәуелсіздігіне, егемендігіне, аумақтық тұтастығына төнген қауіп-қатердің алдын алу мәселелерінде бірлесіп қолдау мен өзара көмек көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны