27.04.2007, 17:32 3322

Сенат өздерінің түзетулері енгізілген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мәжіліске жіберді

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар өздерінің түзетулері енгізілген "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мәжіліске жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасының нормалары денсаулыққа зиянды емес және адам өміріне қауіп тудырмайтын өнімдерді өндіруші отандық тауарөндірушілерге қойылатын талаптарды қарастырады",- деп айтылған Сенаттың аумақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтқанда, қорытындыда атап көрсетілгендей, "заң жобасында азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру процессіне, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарды қоятын бірыңғай ережені қолдану принциптері белгіленеді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны