26.06.2007, 13:51 2955

Сенат регламентке мәжіліс жұмыс істемеген кездегі палатаның өкілеттілігін нақтылайтын түзетулер енгізді

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палатаның регламентіне мәжіліс жұмыс істемеген кездегі палатаның өкілеттілігін нақтылайтын түзетулер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сенаттың қаулысында атап көрсетілгеніндей, "палатаның функцияларына мәжілістің өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуға байланысты мәжіліс уақытша жұмыс істемеген уақытта республика парламентінің конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау функциясын атқару қамтылады".

Сонымен бірге "сенат республика парламентінің конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау функциясын атқарған кезде заң шығаруға бастама көтеру құқығы бар субьект конституциялық заңның немесе заңның жобасының мәтінін қазақ және орыс тілдерінде қағаз бетінде немесе электронды жолмен енгізеді".

Түзетулерге сәйкес, бұған дейін мәжілісте мақұлданған заң жобасын талқылауда сенат мәжілісте қабылданған заңды қабылдай немесе оған өз түзетулерін енгізе отырып қабылдай алады немесе оны кері қайтара алады.

"Сенатта қабылданып, сенат төрағасының қолы қойылған заң, сондай-ақ, егер заң жобасын үкімет енгізген жағдайда үкімет басшысының қолы қойылған заң 10 күннің ішінде президенттің қол қоюына ұсынылады",- делінген сенаттың қаулысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны