11.05.2007, 11:05 1403

Сенат Сингапурмен қосарланған салықты болдырмау туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сингапур үкімет арасындағы табысқа салынған салықтарға қатысты қосарланған салықты бодырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу және де оған Хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісімнің мақсаты жеке және заңды тұлғаларға - екі ел резиденттеріне қосарлы салық салуды болдырмау, сонымен қатар мәліметтер мен құжаттарды беру, тәжірибе алмасу, тергеулер жүргізу және алынған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану болып табылады.

Құжатқа сәйкес, салықтың кез-келген түрі бойынша ақпарат алмасу құпия болып табылады. Екі елдің өкілетті органдарының өкілдері аталмыш келісімде қарастырылмаған жағдайда қосарлы салықты болдырмау үшін өзара кеңес жүргізе алады.

Келісімге Сингапурде 2006 жылдың 19-қыркүйегінде қол қойылған. Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны