01.03.2007, 13:35 3379

Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Сотқа деген сыйламаушылық таныту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "заң жобасында Икімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу Кодекстеріне сот билігінің беделі мен мәртебесін көтеру мақсатында және әділ сот жүргізуге кедергі келтіру мен сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту жолымен соттардың тәуелсіздігін нығайту мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Икімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінде сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жауапқа тарту қарастырылған. Сотқа сыйламаушылық таныту дерегі бойынша іс жүргізу ережесі регламенттелген. Бұл соттарға іс сотта қаралып жатқан кез-келген сәтте осындай дерек бойынша іс жүргізе бастауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны