21.04.2011, 18:24 6489

Сенат спикері депутаттар алдында алғаш рет сөз сөйледі

Бүгін жаңа сайланған сенат спикері Қайрат Мами депутаттар алдында алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін жаңа сайланған сенат спикері Қайрат Мами депутаттар алдында алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қ. Мами "елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша парламент сенатының төрағасы қызметіне сайлау барысында" өзіне білдірген сенімдері үшін алғысын білдірді.

"Менің ойымша, ел сенімін көп жылдар бойы ақтап жүрген белгілі тұлғалардың мүлтіксіз іс әрекеті мен сарқылмайтын еңбегі алдағы уақыттағы кең ауқымды істердің уақытылы және лайықты орындалуына кепіл болады", - деді сенат спикері.

"Мен тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін сіздермен бірлесе отырып сенат қызметін одан әрі жалғастыруға бар күш жігерімді саламын",- деп атап өтті ол.

Фото: khabar.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны