26.06.2014, 19:21 2675

Сенат спортшылар мен бапкерлерге өмір бойы төлем төлеу заңын қабылдады

Парламент Сенатында Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен отырыста "Дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы" заң қаралып, қабылданды.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Парламент Сенатында Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен отырыста "Дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы" заң қаралып, қабылданды.

"Заң жобасы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша мәдениет, спорт, чемпиондар мен олимпиада, паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеу салалары бойынша кеңейтілді. Сондай-ақ, бапкерлер мен спортшыларға арналған ай сайын төленетін өмір бойғы төлем енгізу қарастырылуда", - деді дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Т. Есентаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасы спорт медицинасы мен спорт федерациясының жауапкершілігін арттыруды дамытуды басты назарға алып отыр.

Заң жобасының негiзгi мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетiлдiру, сондай-ақ "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасының нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру болып табылады. Осыған байланысты Бюджет кодексіне, ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне, "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңдарға тиісті түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт, медициналық спорт саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылығы белгіленеді, тұрғылықты жер бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спорттық инфрақұрылымды құру және күтіп-ұстау мәселелері бойынша, кент әкімдеріне, сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер бойынша кент әкімдерінің құзыреті кеңейтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны