04.12.2008, 12:58 1709

Сенат "Тауар биржалары туралы" заң жобасына өз түзетулерңн енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат "Тауар биржалары туралы" заң жобасына өз түзетулерңн енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тауар биржалары туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 маусымдағы заңымен (күшін жойған) алғаш рет биржа саудасының ұйымдық және құқықтық негіздері мен нарықтық инфрақұрылымның маңызды буыны - тауар биржаларын ұйымдастыру айқындалды. Осы заңмен биржа алдын ала белгіленген биржалық ережелер бойынша белгілі бір жерде ашық сауда-саттық түрінде өз қызметін жүзеге асыратын ұйым ретінде белгіленген".

Кейінірек "Тауар биржалары туралы" Қазақстан президентінің 1994 жылғы 20 наурыздағы жарлығымен (күшін жойған) тауар биржасы белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта ол белгілеген биржа саудасының ережесі бойынша ашық жария сауда-саттықтарды тұрақты өткізу жолымен биржа тауарларымен көтерме сауда бойынша ұйымдастырушылық және реттеу қызметін жүзеге асыратын меншіктің кез келген нысандарына негізделген заңды тұлға құқығымен дербес ұйым болып табылатыны белгіленген.

Аталған заңға қарағанда осы жарлықпен тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды тауар биржалары жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратыны белгіленген. Оның функцияларына биржалық лицензияларды беру, мемлекеттік тізілімді жүргізу, биржалар туралы заңнаманың сақталуын бақылау, биржалар қызметін зерделеу және биржа саудасын дамыту, биржалық құжаттарды дайындау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу міндеттері жатады.

1995 жылғы сәуірде "Тауарлық биржалар туралы" Қазақстан президентінің заң күші бар жарлығы қабылданды. Ол тауар биржасының бұрынғы анықтамасын сақтады. Тауар биржаларының қызметін реттеуді тауар биржалары жөніндегі мемлекеттік органға бұрын бекітілген функциялар берілген тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асыратыны қайтадан айқындалды.

Жаңа редакцияда заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі талаптарына және қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауар биржаларының қызметін реттейтін заңнаманы сәйкестендіру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны