13.12.2012, 14:20 2868

Сенат терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Заң жобасы терроримзге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын күшейтуді көздейді. Сонымен қатар, аталмыш мәселеге барлық тиісті мемлекеттік органдарды, қоғамдық институттар мен халық тартылмақ.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы терроримзге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын күшейтуді көздейді. Сонымен қатар, аталмыш мәселеге барлық тиісті мемлекеттік органдарды, қоғамдық институттар мен халық тартылмақ.

Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу үшін өңірлерде лаңкестікке қарсы комиссиялар құру жоспарланған. Олар облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын болады. Бұл ретте, осы комиссиялардың міндеттері Мемлекет басшысы бекітетін үлгілік ережеде белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны