21.01.2021, 16:31 13060

Сенат ТМД елдерінің ядролық авариялар кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.
Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Пленарлық отырыс барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы Келісімді ратификациялау ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жедел ақпарат беріп, көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

 
Оның айтуынша, Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.
 

Сонымен бірге, осы Келісім ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал туындаған кезде мамандандырылған авариялық-құтқару құралымдарының, осы құралымдарды техникалық жарақтандыру ретінде пайдаланылатын жабдықтардың, көлік құралдары мен материалдардың орын ауыстыру рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Атом энергиясы мәселелері жөніндегі заңнамасына бірқатар түзетулер енгізілетін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны