10.04.2014, 19:44 3121

Сенат Төрағасы Иран және Пәкістан елшілерін қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Елшісі Горбан Сейфи және Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Шаукат Али Мукадамды олардың өтініштері бойынша қабылдады.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Елшісі Горбан Сейфи және Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Шаукат Али Мукадамды олардың өтініштері бойынша қабылдады.

Қ.Тоқаев өз миссиясын аяқтаған Иран Елшісіне табысты жұмыстары үшін ризашылық білдіріп, алғыс хат табыс етті. Иңгіме барысында жоғары саяси деңгейдегі Қазақстан-Иран байланыстарының қарқынды дамығаны және парламентаралық үнқатысулар нығая түскені аталып өтілді, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Пәкістан Елшісімен кездесуде Сенат Төрағасы Қазақстан мен Пәкістан парламентшлілері арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту, сондай-ақ БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ және ЭЫҰ секілді жаһандық және аймақтық ұйымдар аясында екі елдің өзара жемісті іс-қимылын жалғастыру жайында айтты. Қ.Тоқаев Пәкістанның жаңа елшісінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету ниетіне қолдау білдіріп, сондай-ақ Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Пәкістанды белсенді түрде қатысуға шақырды. Өз кезегінде Ш.Мукадам Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы екі елдің өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны