15.01.2014, 19:20 3112

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Митрополит Александрмен кездесті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Митрополит Александрмен кездесті

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанажәне Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасына сәйкес қазіргі замандағы ең өзекті мәселелер бойынша дінаралық үнқатысуды дамытудың келешегін талқылады. Қ.Тоқаев Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті отырысы ү.ж. 17-18 қыркүйекте болатыны және оның барысында 2015 жылғы Съездің өтетін нақты мерзімі анықталатыны туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Патриархы Кириллмен кездесуі үшін биылғы жылдың соңында Мәскеуге сапармен бару мүмкіндігі талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны