18.04.2012, 11:02 3607

Сенат төрағасы Норвегия елшісін қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Норвегияның екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. "Норвегия Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Норвегияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даг Малмер Халворсенді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Норвегияның екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. "Норвегия Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады. Елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнаған 20 жылда екі елдің арасында сенімді және сындарлы қатынастар қалыптасты", - деді Сенат спикері. Оның айтуынша, мемлекеттер арасында орнаған байланыстар сауда және экономика, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әңгіме барысында өзара парламенттік іс-қимыл екіжақты байланыстардың маңызды құрамы екенін айта келіп, Қ.Мәми Сенатта норвег әріптестерімен ынтымақтастық тобын құру жоспарланып отырғанын атап өтті. "Қазақстандық депутаттар көппартиялық құрылым мен пәрменді парламентаризм дәстүрі бар Норвегия Парламентінің тәжірибесін зерделеуге мүдделі",-деді спикер.

Бұдан бөлек, Қайрат Мәми аймақтағы және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына қолдау білдіргені үшін Норвег тарапына алғыс айтып, 30-31 мамырда Астанада өзара сыйластық, өзара түсіністік және үйлесім секілді жалпы адамзаттық құндылықтарды тарату мен тамырландыруды мақсат еткен діни лидерлердің IV Съезі өтетіні туралы әңгімелеп берді.

Өз кезегінде Елші ядролық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, ядролық қаруды таратпау және оны жою үдерістеріндегі Қазақстан басшысының рөлін атап өтті. Дипломат сондай-ақ мәдениет пен діндердің жаһандық диалогын дамытудағы Съездің маңызына тоқталды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Норвегияның мүдделі екендігін айтқан М.Халворсен екі ел Парламенттерінің арасындағы байланыстарды дамыту қажеттігіне назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны