28.05.2009, 10:26 2037

Сенат төрағасы Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Сергей Степашинді қабылдады

Сенат төрағасы Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Сергей Степашинді қабылдады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Сергей Степашинді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы екіжақты байланыстар деңгейіне қанағаттанғандық білдірді.

"Қ.Тоқаев қаржы бақылау және мониторингі органдарының қызметтерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етудегі сенаттың заң шығару жұмыстары туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында аудиторлық мекемелердің тәжірие мен ақпарат алмасу, атқарушы және заң шығарушы билік үшін жоғары қаржы бақылау органдарының ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жоғары қаржы бақылау органдары ынтымақтастығының нәтижелі бағыттарының бірі ретінде бірлескен бақылау тексерулерін жүргізу де қарастырылады.

Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы төрағаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысуы туралы хабардар етті, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны