07.06.2007, 17:08 2695

Сенат тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрындары қаржы министрі Наталья Коржова түсіндіргендей, заң жобасымен жаңа - "алдын - ала тұрғын үй қарызын беру" түсінігі енгізіледі. "Бұл қарыз тұрғын үй жинақ ақша банкіне салым салушыға тұрғын үй жинақ ақшасын жинаумен қатар, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында беріледі. Ал бүгінгі заңға сәйкес ең кемінде міндетті түрде үш жыл ақша жинау керек",- деп түсіндірді министр.

"Бұл өнімді енгізу көптеген адамдарға тұрғын үй қарызын беруге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, заң жобасымен тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің жинақ және несие схемасы өзгертіледі. "Біз елуде елу арақатынасын енгіземіз. Бұл 50 пайызын салымшының өзі жинауға тиіс, ал 50 пайызы - үкіметтің сыйы. Бюджеттің мұндай шығындарын жабу үшін келесі жылдары тиісті қаржы қарастырылады",- деп түсіндірді министр.

Оның пікірінше, жинақ схемасындағы өзгерістер "тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің салымшыларына пайда әкелетіндігі сөзсіз, себебі салым сенімділігі, ұзақ мерізімді жинақ қауіпсіздігі артады".

Заң жобасымен сондай-ақ тұрғын үй жинақ ақшасы туралы келісім жасау тәртібі оңайлатылады.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны