09.04.2010, 12:19 3096

Сенат "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті

Сенат "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы бойынша мәжіліс пен сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң осылайша қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тиімді және пәрменді жүйесін құру, заңнаманы осы саладағы экономиканың қазіргі заманғы талаптарына және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Заңды қабылдау тұтынушы мен өндірушінің өзара қарым-қатынастары процесінде туындайтын қарым-қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қазіргі әлеуметтік, коммерциялық және басқа да қатынастарын жолға қоюға және бұл жұмысқа Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарын тартуға мүмкіндік береді.

Осы заңды қабылдау тұтынушылардың құқықтарын толыққанды қорғау үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды. Заң жобасынының жаңа нормалары тұтынушылар мен кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны