16.05.2008, 12:24 1349

Сенат түзету мекемелерін қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

Сенат түзету мекемелерін қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Түзету мекемелерін қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының Иділет және Ішкі істер министрліктері арасындағы өкілеттілік аясын шектеуге саяды", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне ер адамдарды қамауға арналған түзету мекемелерін күзету, ал қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне әйелдерді қамауға арналған тәрбиелеу колониялары, тергеу абақтылары мен түрмелер секілді түзету мекемелерін қорғау міндеті жүктеледі", -делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны