08.09.2016, 16:18 3704

Сенат заӊ жобаларыныӊ қаралу сапасына ерекше мән береді - Қ.Тоқаев

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент қарауына институционалдық реформаларды одан әрі қамтамасыз етуге және кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыруға бағытталған 50-ге жуық заӊ жобасы келіп түсетінін айтты. Бірнеше заӊ жобасы жоспардан тыс енгізілетін болады.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламенттіӊ жаӊа сессиясындағы Сенат Бюросыныӊ алғашқы отырысы Палаталардыӊ 1 қыркүйекте болған бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген міндеттерге арналды.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент қарауына институционалдық реформаларды одан әрі қамтамасыз етуге және кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыруға бағытталған 50-ге жуық заӊ жобасы келіп түсетінін айтты. Бірнеше заӊ жобасы жоспардан тыс енгізілетін болады.

Олардыӊ ішінде еліміздіӊ қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, қысқа мерзімде қабылдауды қажет ететін заӊдар да бар. "Біз, әрбір заӊ жобасын мұқият талқылап, қабылданатын заӊдардыӊ сапасына ерекше мән беріп, Үкіметпен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Бұл ретте, Елбасыныӊ нақты тапсырмасы бар", - деп атап өтті Төраға.

"Жаӊа парламенттік маусымда біз қабылданған заӊдар бойынша халыққа кеӊінен түсіндіру жұмыстарына ден қоятын боламыз. Елбасы айтқандай, "заӊды қабылдаудыӊ қажеттілігі мен барлық логикасы қазақстандықтарға түсінікті болуы маӊызды", - деді Қ.Тоқаев.

Осыған байланысты Сенат басшысы әріптестерін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты одан әрі жетілдіруге, заӊдардыӊ ерекшеліктерін түсіндіруге, сондай-ақ өӊірлерге сапар барысында қабылданған заӊдарды халыққа түсінікті түрде насихаттауға айрықша мән беруге шақырды. Отырыс барысында Бюро мүшелері 15 қыркүйекте болатын Сенат отырысыныӊ күн тәртібін талқылады. Палата, атап айтқанда Алматы облысынан сайланған сенатор Нұрлан Қылышбаевты Сенаттыӊ тұрақты комитетініӊ құрамына сайлау туралы мәселені қарайды. Одан басқа, Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ мүшелері қызметтеріне Сенат Төрағасы ұсынған Александр Горияинов пен Талғат Жақанныӊ кандидатураларын талқылау Қаржы және бюджет комитетіне тапсырылды.

Сенат отырысыныӊ күн тәртібіне Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасы да енгізілді. Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті "1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердіӊ аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердіӊ отбасыларына арналған жеӊілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заӊ жобасына бас комитет болып белгіленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны