22.05.2008, 11:17 1366

Сенат заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты шағын және ірі кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу процедураларын жеңілдету арқылы республикада жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға саяды.

Қазір заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі тек қана шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні деп белгіленген.

Заң жобасымен ең төменгі тіркеу мерзімін өз іс-қызметін типтік жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған орта және ірі кәсіпкерлік субьектілері үшін де белгілеу жөнінде өзгеріс енгізіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны