29.05.2008, 10:42 1616

Сенат заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

Сенат заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сенаттың заңнама және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында айтылғандай, сенат депутаттары заң жобасы нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған, сондай-ақ, редакциялық және нақтылау сипатындағы түзетулер енгізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Заң жобасының мақсаты шағын және ірі кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу процедураларын жеңілдету арқылы республикада жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға саяды", -делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, "қазір заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі тек қана шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні деп белгіленген".

"Заң жобасымен ең төменгі тіркеу мерзімін өз іс-қызметін типтік жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған орта және ірі кәсіпкерлік субьектілері үшін де белгілеу жөнінде өзгеріс енгізіледі", - делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны