04.06.2009, 12:11 1338

Сенат "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес тетіктерін қалыптастыру болып табылады.

Құжатта қаржы ұйымдарын, бағалы қағаздар нарығына кәсіби тұрғыда қатысушыларды, ақша және (немесе) басқа мүлік операциялары бойынша тиісті қызмет көрсететін нотариустар мен адвокаттарға, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларымен бірге қаржы мониторигі субъектілерін қарастырылған.

Заң жобасын талқылау барысында жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Атап айтқанда уәкілетті органның шет мемлекеттерінің қаржы барлау бөлімшелерінің бәрімен олармен көптеген екіжақты келісімдер жасаспай-ақ өзара қаржы мониторингі мен ақпарат алмасуды жүзеге асыру мүмкіндігі жөніндегі заң жобасының 15 бабындағы 4) тармақшасына өзгерістер енгізілетін болды.

Уәкілетті органның қаржы мониторингі бойынша қаржы барлау органдары халықаралық ассоциациясы болып табылатын Эгмонт тобына мүше болуы тиісті бөлімшелермен жан-жақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Уәкілетті органның міндетіне қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен жасалған операциялар бойынша қажетті ақпарат бағыты бөлігін тек қылмыстық іс аясындағы сот сұрауы бойынша ғана шектеуді қарастыру ұсынылып отыр.

Сондай-ақ заң жобасындағы 17 баптың 1 тармағындағы 1) тармақшасына қаржы мониторингі субъектісінен ақпаратқа талдау жасау барысында уәкілетті органға қосымша қажетті ақпарат сұратуға құқық беруді қарастыратын өзгеріс енгізілетін болады.

Отырыста сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны