12.10.2006, 15:59 3204

Сенат жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Жарнама мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жобаға сәйкес Азаматтық кодекске, Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, "Этил спирті мен спиртті өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Темекі тартуды шектеу және оның алдын алу туралы", "Жарнама туралы" заңдарға түзетулер енгізілмекші.

Атап айтсақ, "Темекі тартуды шектеу және оның алдын алу туралы" және "Жарнама туралы" заңдарға енгізілетін өзгерістердің көмегімен темекі және темекі өнімдерін жарнамалауға заң жүзінде тыйым салу ұсынылып отыр. "Бұл ұсыныс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі рамкалы конвенциясының нұсқауларына сай келеді және бұл конвенцияға Қазақстан қол қойған.

Сонымен бірге заң жобасымен "темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы ескертпе жазудың көлемін темекі өнімдерінің қапшығының үлкен жағының 30 процентіне дейін жеткізу" ұсынылып отыр.

Спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бүркемеленген немесе жанама жарнамасына тыйым салу үшін өнімнің жарнамасын түрлі ұтыс немесе лотереялық ойындар түрінде өткізуге тыйым салу ұсынылған. Сонымен бірге "спиртті өнімнің, темекі немесе темекі өнімінің атауы ретінде танылған атау немесе тауарлық белгі элементтерін пайдаланып" тауар, жұмыс немесе қызмет түрін жарнамалауға тыйым салынбақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны