07.06.2007, 16:51 2800

Сенат Жер кодексіне енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Жер кодексінің мәтініне ұғымды бірыңғай түсіну және пайдалану үшін "мемлекеттің қажеттілігі" деген сөзді "мемлекеттің мұқтаждығы" деген сөзбен алмастыруға қатысты өзгертулер енгізу қарастырылған (Конституцияға сәйкес). Осы орайда "мәжбүрлі тәркілеу" деген ұғымды тиісті мақсатта пайдаланылмай отырған немесе заң бұза отырып пайдаланылып отырған жер телімдерін тәркілеу оқиғаларында ғана пайдалану ұсынылған.

Жер кодексіне енгізілетін өзгертулерде жер телімін кепілдікке қою процедурасын жеңілдету, жер телімін мемлекеттің мұқтаждығына деп тәркілеу барысында жер телімінің иесі мен оны пайдаланушының құқығын күшейту қарастырылған. Бұған қоса, заң жобасында жер телімін мәжбүрлі иеліктен шығару жүзеге асырылатын ерекше жағдайлар анықталып, сатып алу бағасын белгілеу мерзімі мен келтірілген шығынды өтеп беру жайттары нақтыланған.

Заң жобасының нормаларымен жеке меншік баспана салуға жер телімдерін сату жөнінде тендерлер өткізу қарастырылған. Ал қолданыстағы заңнамада жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдері тегін беріледі деп көрсетілген.

Сонымен қатар, "мемлекеттік меншіктен ауылшаруашылық негіздегі жер сату механизмін ырықтандыру және олардың нарық операциялары үшін қол жетімділігін көтеру мақсатында түзету енгізу арқылы жеңілдетілген баға мөлшеріне қарай осындай жерлерге қатысты сауда-саттықты жүзеге асыруға қойылатын шектеуді түрлендіруге мүмкіндік беру, ал бағаны жер телімдерін пайдалануды тиісінше 10 жылдан 2 жылға дейін шектей отырып 50-90 процент көлемінде белгілеуді ұсынады.

Сондай-ақ, жеке меншік баспана салуға жер телімдерін беру процедурасының жеңіл және ашық болуын қамтамасыз етуге бағытталған өзгертулер енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны