21.04.2010, 11:57 2815

Сенат "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң жобасы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасауға, республикалық және өңірлік мүдделер мен минералдық-шикізаттық базаның үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң жобасы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасауға, республикалық және өңірлік мүдделер мен минералдық-шикізаттық базаның үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасында мемлекеттің басым құқықтарын жүзеге асыру мен жер қойнауын пайдалану құқығы бар заңды тұлғаларды жер қойнауын (оның бөліктерін) пайдалану құқықтарынан айыруға рұқсат беру (рұқсат бермеу) рәсімдерін егжей-тегжейлі реттеу қарастырылған.

Заң жобасы жер қойнауын пайдалану құқығын конкурстық жағдайда және тікелей келіссөздер арқылы беруді қарастырады. Сондай-ақ құзіретті органдар бастамасы бойынша біржақты түрде жер қойнауын пайдалану шарттарының күш тоқтатылған жағдайда оны қайта жаңғыртуды қарастыратын ереже де енгізілді.

Мәжілісте мақұлданған заң жобасын талқылау барысында бірқатар бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Стратегиялық маңызды энергия жеткізуші алу мақсатында ілеспе газды өңдеу арқылы тиімді пайдалану немесе қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау үшін мұнай химиясы өнеркәсібіне шикізат ресурстарын алуды қарастыратын түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасы президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" №936 Жарлығына байланысты мұнай мен газ және индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органдар құзіретінің ара жігін ажыратуды қарастыратын ереже де бар. Сондай-ақ әр келісім шартта минерал шикізатты алғашқы өңдеуге қатысты жұмыстардың тізімі бекітілетін ережелер алынып тасталды.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу барысындағы тауарлардағы, жұмыстар мен қызмет көрсетулердегі қазақстандық құрамға қатысты, сондай-ақ және жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандар туралы міндеттемелерін орындау туралы Үкімет құзіреті толықтырылды.

Жер қойнауын пайдаланушыға оның осы құқығынан айырған жағдайда еншілес ұйым пайдасына құзіретті орган рұқсатын алудың құқықтық тетіктері қарастырылды. Жер қойнауын пайдалану мақсатында заң тәртібімен жерді резервтеуді қарастыратын ереже де енгізілді. Қазақстан Республикасының заңдарымен және елімізде ратификацияланған халықаралық келісімдерге сәйкес дауларды шешу тәртібі ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны